«Сөз мәдениеті. Шешендік
өнер»
Практикалық-семинар сабақ (10-11 сыныпта)
Сабақты екі сыныпта біріктіру:
10-сыныпта бағдарламада «Сөз мәдениеті», яғни сөзді дұрыс қолдану, сөздің
мазмұнына көп мән беру туралы оқылады, ал 11-сыныпта «Шешендік өнер», халқымыз
ежелден табан астында қиыннан қиыстырып сөз тауып, ұтқыр сөйлегені.
Практикалық-семинар сабағының маңызы:
-10-11 сынып оқушылары сабақ кезінде талдай отырып, өз пікірлерін
білдіреді.
- Сөзді дұрыс қолдану, мағынасын түсіндіру (10-сынып)
- Шешендік өнер, әйгілі шешендердің
айтқан «шешендік сөздерін» түсініп, ой елегінен өткізу. (11-сынып)
Әр оқушы шешендік өнер, сөз өнері, шешендердің айтқан сөздерінен үзінді
келтіріп, ой қозғайды.
Отты да нақышты, шебер де шешен айтылған сөздерді әр оқушы түсіну, сөз
құдіретінің мазмұнын талдай білу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөзді дұрыс қолдану, қазақ халқының атақты шешендері туралы білу, олардың
халық арасында кең тараған шешендік сөздерін тыңдау,мазмұнын талдау.
Тәрбиелік: Шешен адамдардың өмірін үлгі тұту,шешендік сөздерін түсініп оқып, өміріне
сабақ қылу.Адамгершілік, шыншылдық, туған елді, жерді сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: дербес шығармашылық жұмыстар, өзіндік ізденіс, оқу, танып білу, жазған
жұмыстарын айта білуге үйрену, сөз саптау, ой еркіндігі, оқушы шеберлігін
шыңдауға баулу.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет.
Сабақ көрнекілігі : Үш бидің портреті,
«Қазақтың жүз биі» кітабы, ұлттық киімдер, қамшы, , нақыл сөз жазылған плакат,
І. Ұйымдастыру. Сабақтың
мақсатымен таныстыру.
Сөзден тәтті нәрсе жоқ
Сөзден ащы нәрсе жоқ
Сөзіңді тіліңе билетпе
Ақылыңа билет.
Сөзіңді ақылсызға қор етпе
Ақылдыға айт
Кімге қай кезде, қай жерде қалай сөйлейтініңді біл.,-
деген екен Бөлтірік шешен
10-сынып оқушылары сөзді дұрыс
қолдану, сөздің мазмұнына көп мән беру
туралы , ал 11-сыныпта халқымыз ежелден табан астында қиыннан
қиыстырып сөз тауып, ұтқыр сөйлегені,
дана да ақылды сөздерін тағы бір ой елегінен өткізгелі отырмыз.
ІІ. Ендеше бірінші мына
сұрақтарға жауап беріп көрейік:
-Сөз
дұрыстығы дегеніміз не?
- Сөз
байлығы деген не?
- Сөз
тазалығы деген не?
- Тіл
көрнекілігі дегеніміз не? (өтілген тақырып бойынша әр сұраққа оқушыларжауап
береді)
Өтілген тақырыпты пысықтау үшін
оқушылармен «Мен бастайын...» ойынын
ойнау. (мына сөз тіркесінің мағынасы нені
білдіреді?)..
Қой аузынан шөп алмайды-
Жүрек жалғап алу-
Төбе шашы тік тұру –
Қырғи қабақ –
Тонның ішкі бауындай –
Бармағын тістеу –
Аузына құм құйылу. –
Қыздың жиған жүгіндей.-
Бетінен оты шықты.-
Ит терісін басына қаптады.-
Жер соғып қалды.-
Қолды болды.-
Осы сұрақтарға сқушылар өз сөздерімен жауап береді.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Т а п с ы р м
а: тұрақты тіркестердің «дұрыс» , «бұрысын» анықтау.143 бет.
IV - Сөз дұрыстығы, байлығы,
тазалығы, көрнекілігі –сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы
сатысы – шешендік өнер.
Б.Адамбаевтың зерттеуінде қазақ шешендік
өнерін мына кезеңдерге бөледі:
1. XI – XIII
Майқы би Мәнұлы, Аяз би
2.
XIV – XVI Асан қайғы,
Жиренше шешен
3. XVIII Үш би ( Қазыбек би. қойылым)
4
XVIII- XIX «Хан
сұлтандарға қарсы шешендер» :Байдалы би, Ер
Жәнібек,Тіленші би
5 «Бек-болыстарға қарсы шешендер». Сырым
Датұлы, Балаби Есенілі (27 б)
Әр кезең бойынша қысқаша тоқталып, сол кезең өкілдерінің шешендік сөзінен
үзінді оқу. Мысалы: Майқы би Мәнұлы, Асан қайғы, Жиренше шешен, Қазыбек би, Төле би, Мөңке би.
V. Тосын қонақ. 11 «в» сынып оқушысы Амангельдинов
Данияр « Жиренше мен Қарашаш» туралы
аңыз әңгімені айта келіп, мынандай сұрақ қойды:
- Жиренше басындағы шашын сипағанда не айтты?
- Қарашаш жерде төселген тақыр тулақты сипап не деп жауап берді?
V. Мөңке бидің шешендік сөзін оқып, өз заманында
шешеннің болашаққа айтқан болжауын қазіргі өмірмен салыстыру.
VІ. Тақтада жазылған сұрақтарға жауап
беру
1.Сіздің ойыңызша шешен би
батырлардың ортасында қандай ортақ
қасиеттеі бар?
2. Шешен би, батырлар не үшін
қажет?
3. Нені үйренуге болады?
VІІ.
Қорытынды: 1 Бүгін біз не туралы
айттық?
2.
Не ұнады?
3.
Өзің қандай ой түйдің?
VІІІ. Сабақты бекіту. Білімдерін
бағалау.
Халқымыздың аталы сөзді, шешендік өнерді аса қадір тұтқанын,
дау-жанжалдарды, тіпті кейбір жағдайларда жауларының өзін бір ауыз сөзбен
тоқтатқанын бүгінгі сабағымызда көрсетіп дәлелдедік. Шешендік өнердің тәрбиелік
мәнінің зор екеніне, оның ұрпақтан –ұрпаққа жалғаса беретін құдіретті күш
екеніне сеніміміз мол.
|