Вторник, 26.11.2024, 01:43
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Байбековой С.К.

Форма входа

Методическая копилка

Главная » Файлы » Мои файлы

«Халық дәстүрі –қазыналы мұра»
[ Скачать с сервера (77.0 Kb) ] 19.02.2012, 21:46

«Халық дәстүрі –қазыналы мұра» атты сыныптан тыс  шара,

7 «А», «В», «С» сыныптар

дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байбекова С.К.  

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына қазақ халқының рухани байлығын сіңіру.Қазақ халқының салт –дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін, қазақ тілінде сөйлеу тілін дамыту, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.                                                                                                                                         

Тәрбиелік: Туған жерін, елін, қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. Еліміздің озық ойлы, кең өрісті азаматын тәрбиелеп, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ықпал ету.

Жоспар:     І. Ұйымдастыру кезеңі:

                   2. Аудиторияны даярлау.

                   3. Командалармен танысу, білгендерін ортаға салу.

                   4. Әділ қазылар алқасымен  таныстыру.

Шараны жүргізу барысы.

«Той бастар» күйі ойналып  тұрады.

Кіріспе  сөз: Мұғалім:

Құрметті оқушылар, сендер қазақ халқының өзге ұлттар сияқты бала тәрбиесі жөнінде бұрынғы заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар екенін жақсы білесіңдер.Аға буын күні бүгінге дейін өз бойындағы ізгілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін сүю секілді  ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.Адамның жарық дүниеге келгеннен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті,басқалармен қарым-қатынастары салт-дәстүрден өзекті орын алады.Міне, бүгін осы дәстүрді еске түсіріп, өз іс-тәжірибемізде адамгершілік құндылықтардың болуына күш салайық, үйренейік.

1 - жүргізуші:    - Құрметті оқушылар! Қонақтар!

Сіздер бүгін  «Халық дәстүрі –қазыналы мұра» атты ойын-сайысына хош келдіңіздер!

2- жүргізуші:        - Туылған соң адам боп,

                                Білімсізден жаман жоқ.

                                 Ел дәстүрін білмесең,

                                 Жұрт айтады надан деп.

                                 Ата-бабам ардақты,

                                 Жамандыққа бармапты.

                                  Ардақ тұтып үлкенді,

                                                  Ата жолын жалғапты.

 

1- жүргізуші:     - Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.  Салт-дәстүрлі ел – мықты,  әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым- тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

2- жүргізуші:     - Ал енді бүгінгі сайысқа қатысатын командаларды қошеметтеп, құрметтеп қол соғып қояйық. (командалар орнынан тұрып, бастарын иеді)

 1 – «Қыран» командасы , 2 – «Тұлпар» командасы, 3 – «Құлагер» командасы. Қошеметтеп, құрметтеп қол соғайық.

1- жүргізуші: Біз бүгін үш команданың қазақ  халқының дәстүрлерін қалай жақсы білетіндерін тамашалаймыз. Оны біз «НЕ? «Қайда? Қашан»  атты теле ойынының негізінде  сайыс ретінде өткіземіз. Жеребе алып, қай командадан бастайтынымызды анықтап алайық.                                                                                                                             Ал бастайық.                                                                                                                          2- жүргізуші:         «Халық дәстүрі –қазыналы мұра  »  олай болса  – 1 – ші команда өздерін таныстырып,   үстел басынан орынға жайғасады.

1 жүргізуші: Бұл ойын тәртібі бойынша команда сұрақ  таңдайды командалар қойылған сұрақтарға тез жауап беруіне болады Жауабы дайын команда қамшыны көтеріп, тез жауап  береді.  Әр топ өздерін жеке-жеке таныстырып өтеді.

«Қыран» тобының ұраны : Салт-дәстүрді қастерлеп сақтаймыз.

Біздер бұрын көрмеген,

Салт-дәстүрім өлмеген.

Үйренеміз дәріптеп

Заманымда өрлеген.

«Құлагер» тобының ұраны:  Ата-бабалар  өнерін,салт-дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз                                                                                    Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

 Мереке басы болсын берекенің

 Қаза бер, ізгіліктің алтын кенін!

«Тұлпар»   Өзге ұлттай біздің де     Бар дәстүр мен салтымыз

Ата-бабаң ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

1 жүргізуші:    .

1.Ұлдардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адам дар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл айма ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалына тын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айт са, соны құдайыға союға тиіс.

2. Ақ құйып шығару. Халқымызда: «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанын-да алдынан ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не айран құ-йып үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайты ұлттық мінезінен шыққан әдет.

3.  Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайынсіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» - деп, кінәласады.

4.Араша түсу. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру – араша түсу деп аталады. Бұрындары мұн-дай жанжалда ауылдың, ел-дің абыройлы абызы «Араша!» Араша! деп айқайлап, от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен.

5.      Арыздасу. Бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы таусылып, өмірден өтіп ба-ра жатқан ғаріп отбасымен, туған-туыстарымен, көрші-көлем, дос-жарандарымен соңғы рет тілдесіп, хош айтысады. Мұны арыздасу деп атайды. Арыздасуда бақи-лық болғалы жатқан пенде біліп, білмей жасаған қателік, күнә, кінәлары үшін жи-налғандардан, олар одан кешірім сұрайды.

6.      Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз ба-су, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрме-тін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, кө-мегіне ақы алмайды.

7.  Асату. Оны С.Мұқанов өзі-нің «Халық мұрасы» деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.

8.Ауыз тию. Алыс сапараға аттанарда сол адам ауылындағы немесе әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан. Сонда ол «Осы қара шаңырақтың киесі қолдайды» деп сенген. Отбасы тамақтанып отырғанда дастарқан үстіне келген адам ондағы дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе, таңғы астан ауыз тимеуге болмайды. Астан ауыз тию - үй иелерінің қонаққа, қонақтың дастарқандағы асқа деген ыстық ықыласының бір белгісі болып саналады.

9. Аузына түкірту. Бұл – қазақтардың ертеден келе жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындарға, тағы да басқа атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы  ғана жасалады. Бұл ырым баламыз сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын дегеннен туған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті.

10.  Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі – осы ғұрып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тисті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.

11.    Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. Базарлық әкелу. Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдар туған-туысқандарына, көрші-көлемдеріне, дос-жарандарына ірілі-ұсақ ты сыйлықтар әкеліп бере ді. Мұны базарлық деп атайды. Ол жақсы көргеннің, сыйлағанның белгісі.

12.    Бастаңғы жасау. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып (келіндер, абысындар, күйеулер, балдыздар болып), немесе замандастарын шақырып ойын-суық өткізеді, әңгіме-дүкен құрады, әр түрлі дәмді тағамдар жасап ішеді. Бұл әдет-ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды.

13. Бәсіре атау. Ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратыла ды. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.

14. Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

15.  Ен салу.  Малдың құлағын тіліп, немесе оны ойып белгі – ен салады. Ол малын табу, жоғалып, басқа малдармен араласып кетсе тану үшін жасалады. Енді әр құлақтың алды-артына алмастыра салу арқылы мынандай түрлерін жасайды: тілік ен, бұрыш ен, кез ен, қиық ен, құмырсқа ен, тесік ен, кесік ен, т.б.

16. Енші беру. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс. Әке орнында әке болып отырған ағасының ата-анасынан қалған мұраны бауырына басып алып, оның бар рахаты мен қызығын өзінің ғана көруі – тасбауырлық. Ондай аға кейін інісі өз бетінше күн көріп, бақ-дәулетке ие болғанында «Інім маған, балаларыма қараспайды» деп күңкілдемеуге тиіс. Кейбір ата-ана балаларының еншібасын алдын-ала бөліп, атап қояды.

17. Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.

18. Жол беру. Қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғызады. Аң аулағанда да жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарады, олжаның алғашқысын иемденеді. Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені үлкен адамдарға да әр істе жол береді. Мұның бәрі қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы болып саналады.

19. Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үймүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ортасынан бір адам ұйымдас- тырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшыраандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қарта ға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.

20. Көрімдік беру. Нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан кел- ген құдаларға болашақ ке-ліндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады.

21. Көрісу. Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір-бірімен құшақтасып амандасады, кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады, қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып, жылайды. Мұны көрісу деп атайды.

22. Көгентүп беру. Малды адамдар жақын туған-туыс тарының кішкентай баласы на бұзауларының, құлындарының,  қозыларының,  лақта рының, боталарының бірін атайды. Бұл көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету-өнегесіздік, дүниеқоңыздық.

23. Қайырлы болсын айту. Бала туғанда, келін түсірген-де, тағы да басқа үлкен қу-аныштарға ие болғанында туған-туыстары, көрші көлемі келіп «қайырлы болсын» деп құттықтайды. Ол – қазақтың қуанышты бірге бөлісетін ізгі салты. Адамдар қайырлы бол- сын айтпағандарға ренжиді де.

24. Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарас-қан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үй-дің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

25. Қалау айту. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір затың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.

26. Қонақкәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», - деп қолқа салатын болған. Ол - өлең ай тыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай.

25. Сүйінші сұрау. Өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сүйінші!», - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақсы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ.                                                                                                                      26. Бата беру.  Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Бата беретіндер көбінесе көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер даналар болып келеді. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет беріп, бәле –жаладан қорғайды. Батаның түрлері көп: дастарқан жиыларда бата беріледі,жаңа түскен келінге,жаң туған нәрестеге тағы басқа .

27.  Жеті атадеген не?                                                                                                                 - Әр адам өзінің жеті атасын білуі көрегенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе, «жеті атасын білмеген жетесіз» деп сөккен.

29. Қыздардың бас киіміне тағылатын әсемдік (сәнді) зат бар. Бұл зат кейде домбыраның мойнына да тағылады.Бұл не? Не үшін пайдаланады?                                         - Қазақ қыздарының бас киіміне үкі тағылады. Бұл әсемдік берумен қатар, қыз баланы тіл – көзден сақтайды деген наным негізінде пайдаланылады.

30.   Қазақ халқының салтында үлкен жиындарда сөз алудың өзіндік қатаң тәртібі болған. Тәртіп бойынша бір зат сөз алу қажеттілігін көрсететін болған.  Бұл не?                                                                                                                - Бұл зат қамшы, оны ортаға тастау, нет қамшыны көтеру өтініш орнына жүрген.                                                                                                                                      32. Қазақ қыздарының сәндік үшін тағатын әсемдік заттарын атаңдар. Қазақ қыздарының сәндік үшін тағатын әсемдік заттары: жүзік, сырға, алқа, шолпы.         

Халық әні : «Бей- беу »  орындайтын 7 «С» -сынып Қадылбек Жібек

2 жүргізуші:      - Жарайсыңдар!

Осымен біздің сайысымыз  аяқталды, енді әділ қазыларға сөз берейік.

(Әділ қазылар конкурстың нәтижесін шығарып, жеңіске жеткен команданы атайды. Жүргізушілер командаларды құттықтап  грамота береді). 

Қорытынды сөз  Мұғалім

Соңы.

Категория: Мои файлы | Добавил: sovetgul
Просмотров: 6420 | Загрузок: 482 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Sergkep  
0
<a href=http://zmkshop.ru/stati/>радиопрозрачное укрытие 20 метров</a>

Имя *:
Email *:
Код *:
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 94
Социальные сети