Пятница, 26.04.2024, 02:05
Приветствую Вас Гость | RSS

Сайт-портфолио Байбековой С.К.

Форма входа
Категории раздела

Методическая копилка

Главная » Файлы » Білімді жетілдіру » Конференция

Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдысын қалыптастыру.
30.11.2011, 21:08

                                                                                                                                                                          

 Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың коммуникативтік дағдысын қалыптастыру.

                                Байбекова Советгуль Кариполдановна                               .                               қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін айқындап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.   

Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Ол үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру керек.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: баланы ізгілік тұрғысынан қорғау,оқыту мен тәрбиенің бірлігі, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша орыс сыныптарында нені оқыту керек екені  оқулықтарда, бағдарламаларда айқын берілген. Ал сол берілген білім мазмұнының негізін оқыту және оны қалай оқыту керек екендігін мұғалімнің өзі анықтауы тиіс. Яғни оқу материалдарын сұрыптау, оларды сыныптағы

оқушылардың дайындық деңгейіне қарай бейімдеу және меңгеру технологиясын таңдау – мұғалімге жүктелетін іс.

Бұл жерде іс жүзінде мұғалім де, оқушылар да тап болатын үлкен қиындық бар. Ол оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу деңгейінен туындайды. Қазақ тілі пәнін оқу барысында оқушылар тұрмыстық ортада және қарапайым әлеуметтік  мәдени сипаттағы мәтіндер деңгейінде сөйлеуге үйренеді. Ал тап сол сыныптағы қазақ әдебиеті бойынша көпшілігінің бұл айтылған әдебиеттік деңгейде оқуға дайындығы жетіспейді. Оқудың астрономиялық бір кезеңінде оқушыға екі түрлі деңгейдегі талаптың қойылуы – үлкен дидактикалық қайшылық. Қазақ тілі сабағында қарым – қатынастық сөйлеуге бағытталған оқушы осы кезеңде әдебиет сабағында енді одан жоғары әдеби нормада оқуға міндетті. Екі пәннің де құралы – қазақ тілі.Сондықтан тектес екі пәнді оқытуды үйлестіру үшін мұғалім оқушыны қазақ тілінде сөйлету технологияларына мейлінше көңіл бөліп,оған басымдық береді. Айталық, қазақ әдебиеті сабағының 45 минутының 70 пайызы , яғни 33 минуты сөздердің мағынасын түсінуге сөйлесім үлгілерін, пікір айту үлгілерін, тілдесім үлгілерін құруға жұмсалады да, қалған 15 минуты әдеби мәтіннің көркемдік – мазмұндық танымын пәндік талаптар дәрежесінде тұтастай танытуға арналады. Әрине, бұл тұжырым сөйлесім – пікір айту-тілдесім дағдыларына басымдық берілу керектігіне көңіл аудару үшін шартты түрде жасалынғанын айту керек. Өйткені, 70 пайыздық коммуникативтік бөлікте де мұғалім сөйлеуге үйрете отырып, онымен бірқатар кешенді түрде оқу материалының пәндік функционалдық әдеби қызметтерін де жүргізіп, жүзеге асырады.

Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету техникасы мұғалім таңдаған технлогияда жетекші орын алатын болады. Осы орайда көптеген технологиялардың элементтерін оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай лайықтап қолданумен бірге деңгейлік оқыту технологиясына (В Л Беспалько,  

М. Жампейісова т. б) баса мән беріледі. Өйткені , ол әр баланың жеке мүмкіндігіне негізделеді, оқытудың жеке тұлғаны дамытуға бағыттлуына аса қолайлы. Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен де үндес. Айталық, К Роджерс, А Маслоу (американдық гуманистік психология қауымдастық өкілдері) жасаған әдістеменің төмендегідей бағыттары деңгейлеп оқытуды алдыңғы орынға қоятын қазіргі педагогикалық жаңа технологияларда көрініс тапқан.

Олар:

1.     Оқушылардың дайындық деңгейін бақылай алу.

2.     Оқу материалдарын сұрыптап ұсына алу.

3.     Оқу әрекетін ұйымдастыра алу.

4.     Диалог жүргізе алу.

5.     Сабақты жағымды эмоция сөздермен қанықтыра алу.

6.     Мақсаттың нәтижемен біртұтастығы.

 

 

Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті пәнінде деңгейлік жұмыстар жүйесін дұрыс орындай білгенде ғана түпкі нәтижеге, яғни коммуникативтік біліктілікке жетуге болады.

М Жанпейісованың модульдік оқыту технологиисы құрылымдық жағынан жағынан орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті үшін қолайлы десе болады. Онда оқу модулі үш сатыдан құралады: кіріспе сатысы (тақырыпқа оқушыларды ендіру), диалогтық саты басым көпшілігінде оқу материалын меңгеруде диалогтық қарым-қатынассұхбаттар арқылы оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыру, қорытынды саты (тақырыпты жинақтап, сомдау нәтижені бақылау). Әрине, бар болғаны 1-2 сағаттық әдебиет материалдарын модульдік жүйеге салып оқыту үшін жетімсіз (модульдік оқытуда әр модульге ең азы 7-12 сағат беріледі). Дей тұрғанмен ол жүйенің тек құрылымы мен ондағы идеяларын негізге алуға болады. Мысалы, кіріспе сатысында сабақтың мақсат мінін айқындап, әдеби жанр туралы я болмаса жазушы туралы түсінік беру, мәтіннің көркемдік –мазмұндық тұтастығын жеткізу жүзеге асырылады. Диалогтық сатыда Л.М.Фридман теориясында айтылғандай оқу үрдісін басқару балалардың ішкі күштері мен мүмкіндікті шамаларына сүйеніп қана жүргізілуі тиіс.Осы тұрғыдан диалогтық кезеңде мұғалім оқу материалын бөліктерге бөліп, негізгілерін екшеп, оқушыларға үш деңгейлік күрделілікте дайындап ұсынады (Қарапайым,орта, күрделі) , қай деңгейді қолдауды оқушылардың өздері шешкені дұрыс. Ал оқушы дамуының тежелмеуі үшін кез келген деңгейдегі жұмысты орындаған оқушыға үстеме шығармашлық тапсырма беріп отыру – негізгі шарт.

Диалогтық қарым –қатынаста оқу материалдары диалогқа түсудің әрі құралы, әрі нысаны ретінде қолданып оқыту коммуникативтік технология сипатына ие болады.

Диалогтық қарым – қатынас – мәтіндік жағдаяттарды бірлесіп талқылау, көздеген мақсатқа бірлесіп бағыт алу. Мұнда сұхбатқа қатысушылар өздерінің жеке белсенділігібойынша емес, сол белсенділігінің қарым – қатынас нысанына, яғни оқу материалдарын меңгеругебағытталуымен бағаланады.

Сонымен диалогтық қарым – қатынасты мұғалім мынадай әрекеттер арқылы құрады:

1 Оқу материалдарының негізгілерін сұрыптап екшейді.

2 Оқу материалдарыноқушылар меңгеруі үшін 3 деңгейге бөліп, дайындап ұсынады: қарапайым, орта, күрделі.

3 Оқушылардың пәнге қызығушылығыншығармашылыққа қабілеттілігін дамыту мақсатында шығармашылық сипаттағы материалдар дайындайды.

(барлық топтар үшін).

4 Барлық оқушылардыоқу мәтінін диалогтыққарым – қатынас арқылы , яғни сөйлеу жолымен меңгеруге қатыстырады.

 

 

 

 

Диалогтық қарым – қатынас ұстанымдарын қолдану қазақ әдебиеті пәні үшін тиімді. Мысалы, бұл сатыда оқу материалын, оның көркемдік – мазмұндық компоненттерін меңгеру оқушылардың диалогқа түсу арқылы коммуникативтік дағдыларының дамуы арқылы жүзеге асады. Ол «кез келген коммуникативтік үрдіске іс - әрекет, қарым – қатынас, таным үшеуібірге кіреді» дейтін Т М Андреева тұжырымымен сәйкес келеді.Мұнда оқушы дискурсивтік сөйлеу әрекетіне (берілген тілдік бірліктердің үлгілерін пайдалана отырып, өз пікірлерін айту, мәтін құра білу,хабарлау, баяндау, суреттеу, диалог, монолог) түседі, ойлауға үйренеді, сөздің түрлі қолданыстарын пайымдайды,оларды өзара салыстырып , байланыстары мен өзгешеліктерін анықтайды, түсіндіреді,өз ойын айта алуға дағдыланады, ақыл-ойы меншығармашылық (креативтілік) қабілеттері дамиды, оқу мақсатына (нәтижеге) жетуге бағдар ұстауға үйренеді.

         Ендігі бір маңызды ұстаным- оқу модулін меңгеруге оң көңіл-күй тудыру,оны сабақ бойында сақтау.

-         Оқушы ұсынылған әрекеттііштей қабылдауы тиіс. (Рубинштейн)

-         Оқушы әрекеті диалогтық қарым – қатынас арқылы ұйымдастырылса , онда оған қатысушылардың қызығушылығына , ниеттеріне, ой-сезімдеріне белгілі бір ықпал жасады. (Бодалов).

-         Демократиялық ахуал жағдайында қабілеттерді дамытуға жеңілірек қол жетеді. (Жанпейісова)

 

1-    көрсеткіш: аңғарып тану немесе танысымдық деңгей. Бұл – білімнің ең төмен деңгейінің көрсеткіші. Мұнда оқушы өзіне дайын күйде ұсынылған сөздерді я сөйлемді аңғарыптану әрекетін ғана орындай алады.

2-    көрсеткіш еске сақтау. Оқушы мәтінді айтып береді. Репродуктивтік сұрақтарға жауап береді. (қарапайым және орта деңгей)

3-    көрсеткіш түсіну. Сөздерді , тілдесімдерді, мәтіндерді ажыратып, талдап салыстырып,белгілерін айта алады қарапайым орта деңгейлер.

4-     көрсеткіш репродуктивтік деңгей. Таныс жағдайда білімін қолдана алады.Қарапайым біліктер мен дағдыларды меңгерген. Бұл – орта деңгей.

5-    көрсеткіш: білімді таныс емес жағдайда қолдана білу. Стандарттан жоғары деңгей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұларды мынадай диаграммамен көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

Репродуктивтік

Шығармашылық

Жоғары деңгей

 

 

Түсіну

Орта деңгейі

 

 

 

 

Еске түсіру

Қарапайым

Орта деңгей

 

 

 

Аңғару

Қарапайым

Орта деңгей

 

 

 

Қарапайым

деңгей

 

 

 

 

Білім

 

 

Біліктер

Дағдылар

 

 

Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді, шеберлік іске асыру жиынтығы.

Мысалы, 11-сыныпта «Ахмет Байтұрсынов» туралы өткенде бірінші танысу, тақырыпқа енгізу.  Сабақ тақырыбы бойынша тірек сызбаларды пайдалана отырып, негізгі элементтер қысқаша әрі нақты түсіндіріледі.

1.     Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы. Мұнда хронологиялық кесте бойынша жазушының өмір жолы туралы мәлімет беріледі.

 

 

 

 

2.     Кейін жалпы шығармашылық еңбектеріне тоқталамыз. Мұнда автордың шығармашылығы бойынша жасалған сызбаны пайдаланамыз.

 

 

 

 

 

Қорыта айтқанда, орыс мектебінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі оқу мәтіні негізінде қарым-қатынас құру жолымен сипатталады. Ол коммуникативті технология болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                           


 

Категория: Конференция | Добавил: sovetgul
Просмотров: 5402 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 94
Социальные сети